«Астра» қонақ үйі ққжмқ рейтингісі бойынша алматының 3 жұлдызды қонақ үйлерінің ішінен 5-ші орынды алды – марапаттау 2015 жылдың 02 қазанында.

«Қазақстандық Қонақ үйдер және Мейрамханалар Қауымдастығы» ЗТБ Аматы қаласының қонақ үй қорын зерттеудің қорытындылары шығарылды және қонақ үйлердің бірінші рейтингісі берілді. Зерттеу «Алматы қаласы туризм Басқармасы» КММ тапсырысы бойынша 2015 жылдың 15 маусымы мен 15 қыркүйегі аралығында жүргізілді. Жұмыс топтарының мүшелері техникалық жағдай, көрсетілетін қызметтердің тізімі, сайттар сапасы, ақпаратқа қолжетімділік және лицензиялардың болуы, қонақтардың пікірлері және брондау жүйелерін қолдану сияқты көрсеткіштерді бағалады. Зерттеу қорытындысы бойынша әрбір қонақ үй бойынша ұпайларды есептеу жүргізілді және жалпы рейтинг жасалды. 2015 жылдың 2 қазанында «Rixos Almaty» қонақ үйінде рейтинг Белгілерін табыстау жүргізілді.

«Астра» бизнес-қонақ үйі 6,412 ұпай жинап, Алматыдағы 3 жұлдызды 27 қонақ үйлердің ішінен 5 орынды иеленді.